Бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Facebook-те ҚР баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.
- "Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды Берік Уәли.
Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.