«Біздің болашағымыз жоқ» - белгілі кәсіпкер министрге ашық пікір білдірді

Oinet.kz 10-07-2020 11926

Қазақстандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген үйінде босануға мәжбүр болған арудың оқиғасына қатысты өз пікірін білдірді. Аяғы ауыр келіншекті коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестке ақшасы болмағандықтан, перзентханаға жатқызбай қойған. Белгілі бизнесмен бұл жағдайға жаға ұстап, денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында жазды. 

image.png

Қайрат Құдайберген ауруханаға жата алмай, өз үйінде босануына тура келген жас ананың оқиғасы жайла жазба жариялап, онда өзінің бұл жағдайға қатысты ойын ашық жеткізген. Кәсіпкер перзентханаларға тегін тестілеу орнату керектігін алға тартып, денсаулық сақтау министрінен орын алған оқиғаға қатысты шара қолдануын сұрады. 

- "Аяғы ауыр қызға көмектеспеді. Бүгін ақылы тестке ақшасы болмай, үйінде босанып қалған аруға қатысты жаңалықты оқыдым. Бұл жағдай жайында тек бір сұрақ туындап тұр: Ауруханаларда не сұмдық болып жатыр? Презентханаларға тегін тестілеу неге орнатпасқа? Ол өліп кеткен жағдайда кім жауап берер еді? Әдеттегідей, сұрақ көп, жауап жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан бұл мәселені шешіп, жақын арада барлық перзентханаларды тегін экспресс тестілермен қамтамасыз етуін сұраймын. Әйтпесе, біздің болашағымыз жоқ" , - деп жазды желіде. 

«Өз аяғымен барып көз жұмды» - ауруханада қаза тапқан әкесін видеоға түсірген
Бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу