Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Елімізде 5 шілдеде сағат 00-00-ден бастап COVID-19 жаппай таралуына тосқауыл қою мақсатында 14 күндік қатаң карантиндік шектеулер басталады. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова азаматтарды барынша жауапкершілікпен қарауға, басқаларға індет жұқтырмау үшін барлық талаптарды орындауға шақырды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Ертеңнен бастап қалааралық автобустар мен елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер тоқтайды, алайда өңірлерге жеке автокөлікпен қатынауға рұқсат етіледі. Темір жол жолаушылар тасымалы қысқарады, қаламаңына қатынайтын жолаушылар пойызы (электричкалар) тоқтайды.
Сонымен қатар, ойын-сауық, спорттық іс-шара, көрме, форум, конференция және үйде отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
Ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар, мәдениет объектілері, фудкорт, банкет залдары, фитнес-орталықтар, СПА, монша мен сауналардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр мен педикюр және т.б. қызметтер көрсететін шаштараздар мен басқа салондардың жұмысы тоқтайды.
Карантин кезеңінде барлық діни объекті жабық болады.
Балаларды сауықтыру лагері, мектепке дейінгі мекемелер, балаларды түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметі тоқтайды.
Ал, азық-түлік супермаркеті мен дәріханалар жұмыс істейді. Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысы тоқтайды. Аумағы 500 м² астатын азық-түлік емес дүкендер тек тауарды жеткізіп беру қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілді.
Алайда, штаттық кесте бойынша 30 астам қызметкері бар ұжымның 88 пайызы қашықтан жұмыс істейді, - деді бас санитарлық дәрігер.
Қазақстандағы қатаң карантин. Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды
Үш пойыз бағытының тоқтатылу себебін санитарлық дәрігер түсіндірді
ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері, банктердің жұмысында да кейбір шектеулер сақталады. Медициналық орталықтар науқастарды жағдайын қарай аймаққа бөлу және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істей алады. Туризм объектілері, қонақ үйлер, туристік базалар санитарлық нормаларды сақтауы керек және нысанның ішіне жиналған адам саны 50 пайыздан аспауы тиіс.
Дәріханалар, азық-түлік дүкендері, ғимарат сыртындағы базарлар, ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындары және залдағы орны 30 аспайтын нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді, алайда ұжымдық іс-шараларды өткізбейді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының, ашық ауада жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілердің – автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б. қызметіне рұқсат берілді.
Сондай-ақ, бизнес-орталықтардағы объектілердің адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушылары мен букмекер кеңселерінің қызметі ретінде, уақыты бойынша шектеулі және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қызметіне рұқсат етілген.
Бұдан басқа, қазақстандықтарға ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етілген, саябақтарға және басқа да демалыс орындарына 3 адамнан аспайтын топпен немесе әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерімен баруға болады. Алайда 65 жастан асқан адамдардың және 3 адамнан артық жиналған топтардың орын ауыстыруына шектеу енгізіледі.
"Қызметі жалғасатын нысандар қызметкерлердің, келушілердің қауіпсіздігін және күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық режим бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті", - деді Айжан Есмағамбетова.
Есмағамбетова азаматтарды барынша жауапкершілікпен қарауға, басқаларға індет жұқтырмау үшін барлық талаптарды орындауға шақырды. Карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады, деп ескертті Айжан Есмағамбетова.
"Халық, бизнес өкілдеріне жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауы қажет.
Бекітілген профилактикалық шараларды сақтасақ, экономиканың барлық секторын тоқтатып тастайтындай қатаң карантин шараларының алдын аламыз. Карантиндік талаптарды орындағанда ғана инфекцияның жұғуы мен талау тізбегін тоқтатуға мүмкіндік болады", - деді Айжан Есмағамбетова.