Алматыда танымал журналист өмірден өтті

Oinet.kz 02-07-2020 3094

Алматыда 78 жасында журналист Вадим Махин қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

Суық хабарды "Казахстанская правда" газетінің фототілшісі Юрий Беккер хабарлады.

- Вадим Валентинович Махин қайтыс болды, - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Журналистің бұрынғы әріптестері марқұм орталық клиникалық ауруханада жыл сайынғы тексерістен өткенін айтты. Оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Вадим Махин 1941 жылы 8 қыркүйекте қазіргі Семей қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1959-1964 жылдар аралығында  Алматыдағы Қазақ мемелекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 

1966-1975 жылдар аралығында Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс істеді.

1995 жылы "Казахстанская правда" газетіне қызметке орналасты. Махин бұл редакцияда 20 жыл жұмыс істеді.

дереккөз: Sputnik Қазақстан.

Мәжіліс төрағасы коронавирустан емделіп шықты
«Назарбаев халықты бір ортаға жұмылдырушы тұлға» -Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу