Мәжіліс төрағасы коронавирустан емделіп шықты
Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісменнің ауыр дерттен айыққаны туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Олардың сөзінше, Нығматулиннің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Осылайша мәжілістің төрағасының коронавирустан емделгені белгілі болды.
- Медициналық хаттамаға сәйкес, мәжіліс спикері коронавирусты бақылау тестінен өтті, ол теріс нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елеміздің бірқатар шенеуніктері коронавирусқа шалдыққаны белгілі болған. Олардың қатарында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев, экс-министр Елжан Біртанов, парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, Алматының бас санитар дәрігері Бекшин және өзге де белді азаматтар бар.