Журналист өлім жазасына кесілді
Иран билігі шетелдік барлаушылардан көмек алған жаңалықтар порталының басшысын өлім жазасына кесті. Бұл туралы елдегі сот саласының ресми өкілі Голямхосейн Эсмаили мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, үкім нақты қабылданған жоқ, айыпталушы оған шағымдана алады.
2019 жылдың қазан айының ортасында Ислам революциялық сақшылар корпусы Amad News порталының жетекшісі Рухолла Замның ұсталғандығы туралы хабарлады. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Зам бүкіл Иранда өткен наразылық акцияларын 2017 жылдың желтоқсанынан бастап - 2018 жылдың қаңтарына дейін белсенді түрде жариялап отырған.
Зам IRNA атап өткендей, "революцияға қарсы әрекеттері үшін" қамауға алынды. Оның іс-әрекетін Францияның барлау қызметі басқарды, ол АҚШ пен Израильдің барлау қызметтерінен қолдау алды деп хабарланды.
Ассошиэйтед Пресс Замның Парижде қуғында жүргенін хабарлады. Алайда оның қалай ұсталғаны және қайда екені белгісіз.