Атырауда коронавирусты қала тұрғындары жиі жұқтырып жатыр

Oinet.kz 30-06-2020 933

Атырауда коронавирус инфекциясы қала тұрғындарынан көбірек анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_7.jpg

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті індеттің белгісі 23 тұрғыннан табылған. 

«Науқастардың арасында Атырау қаласының 21 тұрғыны бар. Оның 12-сі – ер, тоғызы – әйел. Скринингтен өту және ЖРВИ клиникалық симптомымен медициналық көмекке жүгіну кезінде науқастардан коронавирус инфекциясының белгісі табылған. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 2 тұрғыны да індет жұқтырған» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Қазір індетті жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ал, олармен байланыста болғандар дәрігерлер бақылауына алынып, індет ошақтарына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 

Атырау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 1640 адамға жетті. Жазылып шыққандар –1376 адам. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылатынын жазған едік.

Журналист өлім жазасына кесілді
Тоқаев Елжан Біртановты жазаға тартуы мүмкін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу