Белгілі журналист халыққа күтпеген үндеу жасады

Oinet.kz 26-06-2020 2269

Қазақстандық белгілі журналист Асхат Садырбай мемлекет басшысының той-томалақтарға қатысты айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді. Ақпарат өкілі отбасылық қуаныштарын тойлай алмай әлек болғандарға үндеу жасап, қазіргі жағдайда думанды кештерді қоя тұрған жөн екенін жеткізді. Ол халыққа білім мен ғылымға көңіл бөлетін уақыт келгенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Асхат Садырбай той жасауды әзірге тоқтата тұрудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. Журналист Instagram парақшасында бұл тақырыпқа қатысты жазба қалдырып, бар ойын жеткізген. 

- Той. Президентіміз той деп тек отбасылық қуаныштарды тойлауға арналған думандарды ғана емес, әр мереке сайын өткізілетін әйтеуір әртүрлі концерттерді, бос жиындарды, есепсіз форумдарды, шығынға толы шараларды да меңзеді деп түсіндім. Осы уақытқа дейін жаман “тойлаған” жоқпыз. Енді білімге, ғылымға көңіл бөлмесек құрдымға кететініміз анық. Әрине, кім не тойлаймын, қалай тойлаймын десе де өз еркі. Бірақ ол рахаттың шығыны да жұртқа жүк салмауы керек. Біреудің қуанышы біреудің қалтасын қағып, қарызға батырмаса екен. Әлемнің, елдің қазіргі экономикалық ахуалы мен эпидемияның зардабын ескерсек тойды біраз уақытқа қоя тұрған жөн деп ойлаймын. Жеке пікірім осындай" , - деп жазды Асхат Садырбай. 

Ең жасы 49-да: Елімізде коронавирустан тағы бірнеше адам көз жұмды
Нұрымбетов: «Баласы бар отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері тағы көбейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу