Әлемде пандемияның жаңа толқыны тарап жатыр

Oinet.kz 25-06-2020 955

Коронавирус пандемиясының екінші толқыны оңтүстік жарты шардан әлем бойынша тарап жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz сайты https://kaz.tengrinews.kz/ сайтына сілтеме жасап

photo_68756.jpeg

Басылымның мәліметінше, Австралияда соңғы аптада 150 науқас тіркелді. 

Ал Бразилияда жаңадан анықталған жағдайлардың саны күн сайын өсіп жатыр. 24 маусымда ол миллион жүз елу мың адамға жетті. ДДҰ осы Оңтүстік Америка мемлекетінде эпидемиологиялық жағдайды әлемдегі ең ауыр жағдайдың бірі деп санайды екен.

АҚШ-та инфекционистер де қазіргі уақытта елде жұқтырғандар санының күрт өсіп жатқанын айтады. 

Соңғы тәулікте Чилиде коронавирусты жұқтырудың 3649 жағдайы және 226 өлім - жітім тіркеліпті. Мексикада - 6288 жағдай және 793 өлім - жітім, Боливияда - 896 жағдай және 26 өлім-жітім, Гватемалада-771 және 35, Гондураста-587 және 10 жағдай тіркелген.

Тоқаев коронавирусқа шалдыққан шенеуніктер жайлы сөз қозғады
Алматыда 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу