Алматыда 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды

Oinet.kz 25-06-2020 1407

Алматы облысындағы Текелі қаласында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды. Қаралы хабарды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың өзі әлеуметтік желіде оқырмандарына жеткізді.

image.png

«Бұл постты жазуға түрткі болған - түнгі оқиға. Он жасар Владты түні бойы іздедік. Маған Влад жоғалып кетті деген хабарды түнгі 1.30 да еріктілер телефон соғып жеткізді. Бармаған, іздемеген жеріміз қалмады. Сөйтсек Влад үйінің артындағы қалың ағаштың ішінде дарға асылып қалған екен. Өте өкінішті, бұл өлімге не түрткі болғаны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болар. 

Владтың әкесі жайлы нақты мәлімет жоқ, өгей әкесі кәріс ұлтынан екен. Бала тәрбиелейтін әке қайда, жалпы еркектер қайда кеткен? Маған қызметіме байланысты жалғызбасты, көпбалалы жиі келеді. Сонда мен «бұлардың әкелері қайда?» деп сұраймын. Көбінің жауабы жоқ, ал жиі еститінім - әкесі маскүнем, арақ ішіп кеткен», - деп жазды 

Текелінің әкімі Б.Өнербаев. Шаһар басшысы Текеліге әкім болып тағайындалғанда тұрғындарды салауатты өмірге шақырғанын да еске салды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақтияр Өнербаевтың бірнеше рет қоғамдық орында ішімдік ішетіндермен күрес жүргізіп, оларды заң жүзінде жазалағанын жазған болатынбыз.

Әлемде пандемияның жаңа толқыны тарап жатыр
Ақтаулық үшем әскерге аттанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу