Алматы сары аймаққа өтті
04-07-2022
Отандық танымал экстрасенс Бақыт Жұматова Қазақстанда коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты. Оның болжамынша, елімізде қауіпті індеттің тарауы тамыз айының соңына дейін тоқтауы керек деп жазады Oinet.kz сайты Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бұл болжамын Бақыт Жұматова "Еуразия бірінші" арнасындағы "Basty Prime" бағдарламасында жария етті. Көріпкел республикамызда коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын сұраған тележүргізушіге былай деп жауап қатты:
"Менің ойымша, коронавирус 28-тамызға дейін өз соңына жетеді. Ары қарай еш мән-мағынасы жоқ. Кім қалай және не деп жазса да, соңы бір" , - деп қысқа қайырды ол.
Желі қолданушылары экстрасенстің болжамына қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі оның пайымына сенімсіздік танытып жатса, енді бірін бұл жаңалық аса қатты қуантқан екен. Қалыпты өмірді қатты сағынған көпшілік еліміздің бұл ауыр сынақтан аман-есен шығуын жаппай тілеуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram