​Тоқаев қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 23-06-2020 3249

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына коронавирус індетіне қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

unnamed (1).jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" телемарафонында еліміздің қазірга жағдайы туралы айтып берді. Коронавирусқа қарсы тұру үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар жасалып жатыр дейді ол. 

"Құрметті, отандастар. Бүгінде әлемдегі барлық ел, соның ішінде Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Бұл әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды.

Елбасының бастамасымен құрылған "Біз біргеміз" қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты "Нұр Отан" партиясы белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді. Дегенмен бұл аса жұқпалы дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, халықтың әл-ауқатына нұқсан келтіріп жатыр. Ең алдымен, осы кеселден қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ, вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін.

Осындай күрделі кезеңде барша жұрт жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Әр адам өзінің туыстары мен жақын адамдарының денсаулығына мұқият болуы керек. Бұл - қазіргі заманның талабы. Індетті жеңу әрбір азаматтың өз қолында. Бұл ең алдымен қарапайым қағиданы ұстанудан басталады. Бетперде тағып жүру, тазалық сақтау және әлеуметтік қашықтықты ұстану - өте маңызды. Өйткені бұл сіздің және өзге адамдардың денсаулығы үшін аса қажет. Тағы қайталап айтамын, "Сақ жүрсең, сау жүресің", "Сақтықта қорлық жоқ". Сондықтан азаматтарды қорғау үшін біз барлық қажетті шараны жедел түрде қолға алдық және әрі қарай жалғастыра береміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" телемарафонында.

Әміржан Қосанов: «Өкпе-ренішті ұмытайық»
Ахметбек Нұрсила желіде ерсі қылық көрсетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу