Тоқаев Елбасының қазіргі жағдайын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының коронавирус жұқтыруына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
- "Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін.", - деді Тоқаев.
Еске салайық, бүгін, 18 маусымда Тұңғыш Президент Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.
Елбасының баспасөз хатшысы алаңдауға еш негіз жоғын хабарлады.
- "Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшауланды. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирусты анықтауға тапсырған соңғы сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.