​Шымкенттік келіншек терезеден секіріп қайтыс болды

Oinet.kz 18-06-2020 1204

Шымкенттік келіншек көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

шымкенттік келіншек

Қайғылы оқиға 17 маусым күні түнде орын алды. 47 жастағы әйел Володарский көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатынан секіріп кеткен.

Мұндай қадамға не итермелегенін Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің тергеушілері анықтап жатыр.

Туыстарының айтуынша, қайтыс болған келіншек бірнеше жыл бойы  ауыр онкологиялық аурумен күрескен. Оның артында жасы кәмелетке толмаған қызы қалды.

«Сіздей адам жоқ екен, көзім жетті» - белгілі продюсер (видео)
«Баламсыз қалай өмір сүретінімді білмеймін» - төбелестен қаза болған баланың анасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу