«Сіздей адам жоқ екен, көзім жетті» - белгілі продюсер (видео)

Oinet.kz 18-06-2020 1403

Танымал қазақстандық журналист Бейсен Құранбекпен бір салада жұмыс істеген продюсер Әлия Құдайбергенова ағасына деген сағынышын жеткізді. Сонымен қатар, ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Бейсен Құранбектің бір жыл бұрынғы видеосын жариялап, сағынышпен еске алатындығын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

image.png

- Сіздей адам жоқ екен, осыған көзім жете бастады. Бірде ағаның атын атап, қолайсыздау бір жазбалар жазып, сыртынан біраз сөз айтқан адамды жерден ап, жерге сап, шыр-пырымыз шығып отырғанбыз. Аға кіріп келді. “Туысқандар, қалайсыңдар!” деп. Арқасындағы зілдей (іші толы кітап) рюкзагын терезенің алдына қоя салды да, өзі редакцияның бір бұрышында тұрған диванға жайғасты. Айтқымыз келіп отыр, әлгі жазба жайлы. Айта алмаймыз. Бір кезде әйтеуір, ебін тауып айттым-ау. Және “дәл қазір өзіне звандап айтыңыз, екіжүзділігін” деймін ғой, зілденіп. Аға түк таңғалмастан, тура суреттегідей жымыып қана: “өөй, Әлекее, көрдім оны. Ерунда. Жақсы жігіт ол, әлі-ақ түсінеді қатесін. Оған бола көңілдерің түспесін” дей салды. Болды, тема жабылды, - деп еске алды продюсер.

Сондай-ақ, белгілі тележүргізушінің тағы бір қызықты оқиғасын тілге тиек етті. 

- Тағы бірде жап-жас боп ағаға нешетүрліні айтып, сыртынан біраз нәрсе ұйымдастырмақ боп, көңілін ауыртқан адамға арадан бірер жыл өткенде ақша беріп жүргенін естідім. “Аға, бұл не сонда? Не деген ұяты жоқ адам анау?” дегеніме: “Әлеке, қиналып жүр екен. Жағдайын айтып, көмек сұрады. Жарайды, Әлеке, бақытты болсын” деген еді. “Ағаның алдында бір адамды жамандап, сыртынан сөз етудің қажеті жоқ. Бәрібір қосылмайды. Түк естімеген адамдай монтиып отыра береді” деп күлетінбіз. Рас! Адам деген солай да тәрбиелейді екен ғой, жан-жағын. Ағаға сырын айтпаған, мұңын шақпаған адам кемде-кем шығар?! Соның бірін де сыртқа шығармайтын. Біреуге кектену, біреуден қарымта қайтару, тістену, кекету, жөн-жосықсыз өкпе-реніш деген атымен жоқ еді ғой, ағада. Кімнің, ненің болса да көлеңкелі тұсын емес, күнгей бетін көретін. Бізге де күн сайын осыны айтатын. Өтірік айтқан, уәдесінде тұрмаған адаммен жаны қас еді, бірақ. Әсіресе жігіттерді аямайтын. Сол заматында-ақ “мынауың еркектік емес, батыр!” дей салатын. Ар, адалдық, тазалық, жақсылық, әділеттілік, шындық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиетті ұғымдар Сізбен бірге еді. Сіз сүрген өмірде бәрі таза қалпында қалыпты-ау! Бәрін реттеп, бәрін өз орынына қойып кетіпсіз ғой, қарап отырсам. Сіз барда адамның бәрі жақсы еді, бәрі бірдей мейірбан еді. Сіз кеткелі біраз дүние өзгерді. Адамдар да... Уақыт өткен сайын, күн өткен сайын, тұлғаңыз биіктей түсті, ағау! - деп еске алады Әлия Құдайбергенова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Былтыр. Жаз еді. Осы кез еді... @sydyk_camel_milk Сыдық ағаның шаңырағында түсірілген видео. Бәрімізге “Абайды оқыңдар” деп кеткендей. Парақшамда тұрсыншы

Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді
​Шымкенттік келіншек терезеден секіріп қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу