Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды
Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл туралы Елбасының ресми сайтында ақпарат жарияланған. Хабарламада еліміздің Тұңғыш Президентінің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендігі жазылады. Қазіргі таңда Елбасының денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ дейді олар.
"Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда", - делінген Елбасының ресми сайтында.