Сәбит Әбдіхалықов ұлын жер көкке сиғызбай мақтады
Актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықов баласын жер көкке сиғызбай мақтады. Ұлының өзінің жолын қуып, өнер саласын таңдағанына қуанатындай сыңай танытты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
- Асылжан әке ізін басып, өнер академиясында, режиссер мамандығына білім алуда. Азды-көпті студенттік жұмыстарын таспалап жүр. Өз қолтаңбасы мен стилі аздап байқалады, қалыптасуда. Ұмтылысы көз қуантады, - дейді Сәбит Әбдіхалықов.