«London Post» Әбілязов туралы жазды
London Post газеті Аблязов туралы жазды.
Мақалада бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен келген иммигранттардың қауымдастығы сипатталады.
«Олардың көпшілігі өздерінің дүниелерін тастап, елден қашып кеткендерін айтып, белгісіз ақшалармен келеді. Олардың елдерінен қашуы мұқият жоспарланған. Фейсбукте не жазса да, шын мәнісінде олар қазіргі режимге өте риза. Солардың бірі Қазақстаннан келген иммигранттар. Іс жүзінде олар демократиялық оппозиция емес, режимнің метастаздары болып табылады. Олар өздерінің туған еліне қысым көрсету үшін пайдалы болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде мұндай босқындар нағыз ауыртпалық (қабылдаушы елдер үшін). Мемлекеттер мұндай қашқындарды бір-біріне сілтей береді", - делінген басылымда.
Британдық басылымның жазуынша, Мұхтар Әблязов Қазақстаннан 11 жыл бұрын кеткен.
Басылым авторларының пікірінше, Ресей, Украина және Қазақстан Мұхтар Әблязовты іздеген жалғыз елдер емес. Ұлыбританияның Жоғарғы соты да оны тұтқындауға ордер берген. Осылайша, Мұхтар Әбілязов Ұлыбританиядағы өзінің жылжымайтын мүліктеріне қол жеткізе алмай отыр.