Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Марқұмның туыстары әйелді жерлей алмай отыр, өйткені оның басы әлі күнге дейін табылмаған, ал денесі қазір мәйітханада. Батыс Қазақстан облысында Шаған өзенінде суға түсіп жүрген 41 жастағы әйелді моторлы қайық қағып кеткен. Марқұмның баласы оны жерлеу үшін басының табылмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты https://sputniknews.kz/ сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 6 маусымда сағат 22.15-те болған. Шаған өзені бойымен қозғалған моторлы қайық "Шойын" көпірі маңында 1979 жылы туған әйелді қағып кеткен. Ол алған дене жарақатынан көз жұмды.
Қаза болған Екатеринаның 19 жастағы ұлы Роман оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді.
Сол күні Екатерина мен оның құрбысы саяжайға барады. Сол жақта жұмыс істеп болғаннан кейін екі әйел суға түскісі келген.
"Анамның құрбысы шомылғысы келмеген, тек су беліне жеткен жерге дейін ғана барған. Ал анам жағадан алыстау жерге жүзіп кетеді, сол сәтте шамы қосылмаған катер жүзіп өткен. Құрбысы айғайлап, жағаға шық деп қолын бұлғай бастайды. Кенет катер қайтып келеді де, сол сәтте тарсыл естіледі. Құрбысы жақын маңда демалып жүрген адамдарды көмекке шақыра бастаған. Ақырында анамның бөлшектелген денесін қапқа салып судан алып шықты. Ал катер бірден кетіп қалды", - дейді Роман.
Оның айтуынша, қазір анасының басы әлі табылмаған, сондықтан оны жерлей алмай отыр.
"Денені бассыз жерлей алмаймыз, олай істеуге болмайды. Қазір дене мәйітханада. Менің білуімше, полиция төрт катерді тапты. Алайда басқа мәліметтер маған айтылмай отыр, мүмкін солай дұрыс шығар. Көптеген дүниені жаңалықтардан біліп отырмын", - дейді марқұмның ұлы.
Роман – Екатеринаның жалғыз ұлы. Ол қайғылы жағдай жайлы келесі күні таңертең анасының жанында болған құрбысынан білген.
"Таңертең жылаған күйі келді, дірілдеп тұрып анамның қаза болғанын хабарлады. Мен есеңгіреп қалдым. Анам әрқашан көңілді жүретін, жанына жақсы адамдарды жинаған ашық кісі болды. Қазір бәрі жерлеу бойынша көмектесіп жатыр, жұмыспен де көмектесуге уәде берді. Полицияның сол адамдарды тапқанын қалаймын. Не дегенмен сол кеште не болғанын анық білмейміз ғой", - дейді ол.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.