Елордада мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)
Елордада ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көшеге шығып, көліктерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.
Оқиға 8 маусымда орын алған. Ер азаматтың ерсі қылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты.
- "Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында ер азамат көшеде өтіп бара жатқан көліктерге пышақ ала жүгірген. Ол пышағын қайрап алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицейлер күдіктіні тұтқынға алды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі таңда ер азамат Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталған азамат 29 жастағы елорда тұрғыны екені анықталған. Заттай айғақ ретінде қайрақ пен пышақ тәркіленіпті.
Аталған жайтқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.