Петропавлда балабақшадан коронавирус дерегі анықталды

Oinet.kz 09-06-2020 1069

Петропавлда балабақшалардың бірінде үш жасар баладан коронавирус анықталды.  Қазірг таңда, балабақша 14 күнге карантинге жабылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде белгілі болды.

image.png

- "Байланыста болған адамдар анықталды. 23 жақын адам анықталды, бір топтан 18 адамнан анықталды. 13 адам - сол балабақшаның қызметкері. Барлығынан сараптама алынды. Коронавирустың алдын алу мақсатында балабақша қызметі уақытша 14 күнге тоқтатылды", - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.

Оның айтуынша, 3 жасар бала коронавирус жұқтырған ересек адаммен байланыста болған. Ер адам 25-30 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан басқа аумаққа барған. Қалаға келген соң өзін нашар сезініп, дене қызуы жоғарылаған. Сараптама коронавирус барын көрсеткен.

Елордада мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)
Белсенді Әсия Төлесова изоляторға қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу