Жылқы иісі...
04-11-2023
АҚШ-та 10 жыл бұрын жасырылған қазына табылды, деп хабарлайды Oinet.kz Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Иесі байлығын 2010 жылы жасырып, қазына іздеушілерді оны табуға шақырған. Құны миллион доллар болатын қазына он жыл бойғы іздеуден соң жартасты таулардан табылған.
Fox News агенттігінің хабарлауынша, іздеуді тоқтату туралы жаңалықты қазынаның иесі – арт-дилер, коллекционер және археолог Форрест Фенннің өзі-айтқан.
Он жыл бұрын ол сандықты жартасты таулардың біріне жасырған. Осылайша, ол ондаған мың адамды іздестіруге шақырып, оларды шабыттандырды. Бірнеше күн бұрын анонимді болып қалуға тілек білдірген адам қазынаға толы сандықты тапты. Бақытты адам өз олжасын растау үшін сандықтың суретін жіберген. Ішінде алтын, сирек монеталар, әшекейлер және басқа да құнды артефактілер бар.
1989 жылы Форрест Феннға бүйрек обырының терминалдық түрі диагнозы қойылған. Сонда ауырып жатқан ол қазынаны адамдарға іздестіруді ойлайды. Кейін ер адам емделіп, құпия туралы мәлімдейді. Ол құпия болатын кілт сөздерді өлең арқылы жариялайды. Фенннің айтуынша, бұл құпияны табуға шамамен 350 мың адам тырысқан.
Форрист жартасты таулардың орманмен көмкерілген, өсімдіктерге бай жерінде сақталған және оны 10 жыл бұрын жасырылған жерден жылжымаған.
- Мен оны тапқан адамды білмеймін, бірақ менің кітабымдағы өлең оны мақсатына жетеледі, - деді Фенн.
Форрест Фенн веб-сайтында бақытты адам үшін келесі бірнеше қадамды жариялады: соның ішінде қазынаны сату немесе жасырынудың жаңа орнын табу бар.
- Сіз не таңдасаңыз да, осы сезімді сақтап, тарихты жалғастырыңыз, - деп қорытындылады сөзін 89 жастағы миллионер.