Шымкентте мектеп директоры парамен ұсталды
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орта мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Директор 27 мамырда мектептің әлеуметтанушысынан еңбекақысы төленбейтін демалысқа жібермеу және жалақысын аудару үшін 40 000 теңге алуға қатысты күдікке ілінді, - деді агенттіктің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
- Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы аясында өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деп атап өтті тергеуші.