Ертең Ай тұтылады

Oinet.kz 04-06-2020 943

Ертең, 5-інен 6 маусымға қараған түні ай тұтылады. Табиғи құбылысты барша қазақстандықтар көре алады. Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді.

image.png

Биыл Айдың тұтылуы қаңтар, маусым, шілде мен қарашаға түсіп отыр. 

"5 маусым – жұма күні толған ай болады, одан кейін жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы басталады. Оның максималды фазасы, яғни Айдың Күн көлеңкесіне кіру тереңдігі 0,59 болады. Негізі, айдың тұтылуын жиі көруге болады. Ол кезде аспандағы Ай планетамыздың дәл ортасында тұрады", – дейді Солодовник. 

Сондықтан қиыр солтүстіктен басқа Еуразия тұрғындарының барлығы дерлік табиғаттың көркем құбылысын тамашалай алады. Дегенмен, айдың тұтылуын көру үшін біршама дайындалу керек. Ғалымның айтуынша, Ай батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы үш сағаттан асады.  

"Ертеңгі тұтылу түнгі сағат 23:43-те басталып, 03:06-ға дейін жалғасады. Ол кезде 6 маусым болады. Ал сағат 1:25-те Ай күңгірт көлеңкенің максималды тереңдігіне кіреді. Осы тұтылуды көру үшін жақсы бинокль немесе телескоп керек. Себебі Ай күңгірт көлеңкеге кіргенде қараңғылық түспейді, айдың жарығы солғын тартады", – дейді маман. 

Сонымен қатар Андрей Солодовник маусым айының 21 маусымында күннің тұтылуын көруге болатынын айтады. Жалпы биыл күннің тұтылуы маусым мен желтоқсан айларына сәйкес келіп отыр екен. 

"Осылайша, 21 маусымда үшінші тұтылу болады. Ол сақина тәрізді. Күн тұтылу фазасы Африка, Сауд Арабиясы, Пәкстан, Үндістанның солтүстігі және Қытайдың оңтүстік провинциялары арқылы өтеді. Тұтылудың максималды фазасы - 0,994, ал сақина тәріздес фазасының уақыты 38 секунд болады", – дейді ғалым. 

Солодовниктің сөзіне қарағанда, күннің тұтылуы Еуразияның біраз бөлігінде, соның ішінде Қазақстанда түске қарай көрінеді. 

Шымкентте мектеп директоры парамен ұсталды
Алматыда автобус өртеніп кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу