Алты ай бұрын жоғалған туристің денесі табылды
Алматы тауларына шығып, жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растап отыр.

Ведомство мәліметінше, қыздың денесі кеше, 31 мамырда Космостанция аумағында табылған.
Еске салайық, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары 6 айдан аса уақытқа созылған. Ол былтыр 9 қарашада үйден кетіп, сол күйі оралмаған еді.


