Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров мүгедектер арбасына отырып, жол сапасын тексерді. Әкім жарымжан жандардың шағымынан кейін мәселеге өзі көз жеткізу мақсатында мүгедектер арбасына отырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі "Қазір Ақтөбеде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тротуарлар салу, абаттандыру жұмыстары жүруде. Бірақ, бұл жұмыстарға мүгедек жандар тарапынан ескерту жасалды. «Пандус ок» ЖШС басшысы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Шахан Жолдасбаев қала әкіміне жолдардың мүгедектер арбасы үшін қолайсыз екенін жеткізді. Асхат Шахаров өзі мүгедектер арбасына отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар жүретін жерлермен жүріп өтіп, жағдайға көз жеткізді", – дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі Әйгілі әлем чемпионның мүгедектер арбасына отырғанын жерлестері әртүрлі қабылдады.
"Әкім бір айда 42500 теңгеге өмір сүріп көрсе екен", "Пиар, әкім үшін ұят", "Дені сау спортшы мүгедектер арбасына отырғанымен қиындықты сезінбейді" дегендер де, әкімнің бастамасына қолдау білдіргендер де табылды.
Қазіргі таңда қала бойынша 12 824 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 2180-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 2019 жылы 289 жан мүгедектер арбасымен қамтылған. Бұл жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылы 333 адамды қамтиды.