Назарбаевтың отставкісінен Қытай ұтады

Oinet.kz 20-03-2019 1426


 

Ресей президенті В.Путин отставкіге кету жөнінде мәлімдеме жасаған Н.Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескен. Бірақ екіарада қандай әңгіменің айтылғаны белгісіз.

Сарапшылардың пікірінше, Назарбаевтың мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатуына сыртқы күштердің қатысы жоқ. Бірақ бұл отставкіден Қазақстанның көршілерінің қайсысы ұтады, қайсысы ұтылады? Ресейдің халықаралық сарапшысы Илия Куса korrespondent.net сайтына берген сұхбатында былай депті:

-Менің ойымша, отставікінің артында екі себеп болуы мүмкін. Біріншісі қарапайым ғана, ол (Елбасы. ред) қатты шаршады. Оның мемлекет басқаруы күн санап қиындай бастады. Оның жасы 78-де. Президенттің денсаулығына қатысты жағымсыз ақпараттар көптен бері айтылып келеді.

Отставкіге Кремльдің қатысы жоқ. Қазақстан Ресейдің жақын әріптесі болғанымен, оның қолындағы қуыршақ емес. Қазіргі уақытта Қазақстанға Қытайдың ықпалы күшейіп келеді. Қазақстан алдағы уақытта сыртқы саясатын батысқа емес шығысықа қарай бұрады. Қытай Орталық Азиядағы ықпалын күшейте береді.

Тоқаев қытай тілін өте жақсы білетін шенеунік ретінде белгілі.

Де-юре-экс-президент, де-факто-әлі президент
Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу