Қазақстанда коронавирустан тағы бірнеше адам көз жұмды
Елімізде коронавирустан тағы екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. Ер адам 1951 жылы туған. Ал екінші жағдай Қостанай облысында тіркелген - әйел адам 1965 жылы дүниеге келген.
Осылайша Қазақстанда барлығы 37 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы - 6
Алматы қаласы - 10
Шымкент қаласы - 6
Ақмола облысы - 4
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Жамбыл облысы - 1
Қарағанды облысы - 3
Қостанай облысы - 2
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 2
Түркістан облысы - 1