Ақтөбе облысында кондуктор қайтыс болды
Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Оқиға 15 мамыр күні 17:15 шамасында орын алған. "Паз” маркалы №11 автобустан Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар сәтінде конудуктор жабылмаған есіктен қлап кеткен. Бас жарақатын алған ол 24 мамыр күні ауруханада жан тапсырған.
Автобус салонында шамамен 20 астам жолаушы болыпты.
"Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды", - деді жергілікті ПД өкілдері.