«Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз»

Oinet.kz 26-05-2020 5113

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Screenshot_15.jpg«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Бұл ретте, есімізден бір мәселе шықпауы тиіс, бастысы - балалардың денсаулығы. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында. 

Министрдің айтуынша, жылда мұғалімдер ата-аналардан әртүрлі қолхат алатын дәстүр бар.

«Ол қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген абзал», - деді ол.

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды
«Соңғы көргенімде мәңгіге бет алғанын ептеп сездірді» - ағасы Бейсен Құранбек туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу