«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағаңды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зайыбы.
Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист. Қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы. Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір» ӨБ-де жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы. Қор ауруы асқынған балаларды Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, «Үміт» жасөскіндер үйлері ашылуда. Республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындарында және училищелерде білім алып жүрген жетім балалардың жағдайларын да ерекше назарда ұстап, «Бөбек» қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
«Өзін-өзі тану» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы.
1994 жылдан «505 — Қазақстанның балалар деревнясы» (Австрияның «Киндердорф Интернационал» қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдан «Демография» қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы.
С.А. Назарбаева қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І дәрежелі алтын медальмен, «Юнити» халықаралық сыйлығымен, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалімен, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалімен, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығымен, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.
«Педагогические проблемы укрепления и развития здоровья учащихся, их нравственного воспитания с использованием системы «Детка» Порфирия Корнеевича Иванова» (1999 ж.), «Здоровье человека и система П.К. Иванова «Детка» (1999 ж., қосалқы авторлармен бірге), «Этика жизни» (2001 ж.); «С любовью» (2001 ж.) кітаптарының авторы.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін «Достық» орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І – дәрежелі алтын медалімен, «Юнити» халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ – ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық «Алтын жүрек» сыйлықтарымен марапатталған.