Қамқорлық жасау – қайырымды қоғамның қағидасы

Oinet.kz 20-05-2020 1460

Screenshot_9.jpg

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен "Транстелеком" АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің қызметкерлері алдағы уақытта жүзеге асатын іс-шараларды жоспарлап, күнін белгілеп, тізімді жасақтады. Сонымен қатар, жиын барысында волонтёр жастарға «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасының бағыттары түсіндіріліп, еліміздегі волонтёрлардың қоғамдағы орны туралы айтылды.

Айта кетейік, «KEA» (Kazakhstan En’bek Аdamy) корпоративтік қоры азаматтарға мәдени-рухани,білім және ғылым, сондай-ақ, әлеуметтік қайырымдылық шараларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы Мүлікті басқару дирекциясы ұйымымен бекітілген коммерциялық емес ұйым болып табылады. 

#БізБіргеміз 

#BizBirgemiz

#КелешекЖастары 

#QamqorQazaqstan

#fond_kea 

#транстелеком #кайырымдылық

Уважаемые родители и претенденты!
Бір жарым жасар бүлдіршін іздестіріліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу