Төлеген Байгулов: Туризм саласы заманауи талаптарға сай болуы керек
Бүгін облыс орталығына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Төлеген Байгулов өңірдегі визит (сапар) орталығында болды.
Бұл орталық - өңірде тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, заманауи талаптарға сай қалыптасқан.
Сапар орталығының басты мақсаты – еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру.
Орталықтың ғылыми архив, дәріс залы, қор сақтайтын бөлмелер, шеберханалар мен зертханалар және конферция, көрме залдарымен танысқан Республикалық жоба жетекшісі келушілерге қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы бойынша өзінің бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Орталық жетекшісі Ерасыл Төлебаев бүгінгі күні орталық базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар орталығын ашыу және мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану және этнографиямен ұштастыруға жағдай жасалатынын жеткізді.