Ахметбек Нұрсила өзін «Нұрбот» дегендерге қарсы шығып жаңа партия құрмақ
Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "Сен" партиясын құрып, Парламентке бару ниеті барын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Nursila" ютуб каналында айтты.
- Мен Ахметбек Нұрсила "Сен" деген партия ашып, Парламентке бармақ ниетім бар. Не үшін? Сол жерге барып елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, биліктен халыққа керек заңдар қабылдатып, халыққа керек іс-шараларды талап ету үшін. Оған мен ажлғыз өзім бара алмайды екенмін. Ал, басқа партияның атынан барғым келмейді. Өйткені мен біреудің қолындағы қуыршақ болғым келмейді, - дейді кәсіпкер.