Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер қашанға дейін үстемақы алады?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлер үстемақыны қашанға дейін алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бұл сұрақ халықты алаңдатқан мәселелердің бірі. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтып кеткен болатын. Аталмыш шараларға мемлекет тарапынан 40 миллиард теңге бөлінген. Қазірдің өзінде біраз дәрігерлер үстемақыға қол жеткізіп үлгерді. Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің барлығына да қосымша үстемақы тамыз айына дейін төленеді", - деді шенеунік.