Тоқаев маңызды жазба жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі жаңа коронавирус пандемиясы адамзаттың қоршаған ортаға қаншалықты ұқыпсыз және жауапсыздықпен қарайтынын көрсеткені туралы жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақорда Қазақстан президенті бұл туралы өзінің Тwitter парақшасында жазды.
- "Халықаралық Жер күні, біз - адамдар - планетамызды қоршаған ортаның ластануынан сақтау үшін бірігуіміз керек. COVID-19 инфекциясы біздің табиғатқа қаншалықты салғырт және жауапсыздықпен қарайтынымызды көрсетті. Өзіміздің ұрпақтарымыз үшін әлемді таза және қауіпсіз күйде сақтайық", - деп жазды мемлекет басшысы.
Айта кетерлігі, Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш жазбасын ағылшын тілінде жазған. Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылған. Келесі аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеуін жариялайды.