Коронавирустан қорыққан туристер бір ай бойы үңгірге тығылған
Коронавирустың таралу қаупінен енгізілген карантин режимінде тұратын адамдар қолдан келгенше үйреніп жатса, шетелдік алты турист індеттен Үндістандағы үңгірде жасырынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция қызметкерінің айтуынша, бір топ турист Үндістанның солтүстігінде орналасқан Уттаракханд штатындағы Ришикеш қаласы маңындағы үңгірде бір айға жуық уақыт тұрған. Полиция туристерді жексенбі күні анықтаған. Олардың арасында Франция, Түркия, Украина, АҚШ және Непалдан жиналған төрт ер адам мен екі әйел бар. Елдегі ережелер бойынша, олардың барлығы карантинге жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.
- «Ақшасы біткен туристер қонақүйден кетіп, үңгірден пана тапқан», - деді Уттаракханд полициясының өкілі Мукеш Чанд.
Олар үңгірде 24 наурыздан бері тұрып жатқан. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди 25 наурыздан бастап 14 сәуірге дейін елде қатаң оқшаулау режимін енгізді. Кейін ел билігі карантинді кемінде 3 мамырға дейін ұзартқан. 20 наурыздан бастап туристерге Уттаракханд штатына кіруге тыйым салынған. Ел билігі карантин себебімен елде қалып қойған шетелдік азаматтарға көмектесу үшін «Үндістанда қалып қойған» веб-сайтын ашты. Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістанда коронавирус жұқтырудың 17 615 оқиғасы тіркелген, 559 адам қайтыс болды. Ришикеш – йоганың әлемдік астанасы ретінде танымал қала.