Блокпосттан өту үшін полицейге 5000 теңге пара бермек азамат ұсталды (видео)

Oinet.kz 19-04-2020 1326

Алматы облысындағы тосқауыл-бекетте полиция қызметкеріне пара бермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері тосқауыл-бекеттен өту үшін пара ұсынған ер адамды ұстады. Оқиға 17 сәуірде Іле ауданында орналасқан № 4 карантиндік тосқауыл-бекетте орын алған.

Screenshot_2.jpg

“Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне патрульдік полиция батальонының инспекторы оған белгісіз ер адамның Алматы облысынан Алматы қаласының аумағына кедергісіз өту үшін бес мың теңге көлемінде пара бермек болғаны туралы хабарлаған. Сағат 19.00 шамасында біздің қызметкерлерімізбен Байсерке ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Асет Карменов. 

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігіне (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

“Ұсталған тұрғын Алматы қаласына өту әрекетін достарыммен кездесіп, серуендеу үшін деп түсіндірген. 5000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленіп, іс жүргізу тәртібімен іс материалдарына қосылды”, – деп толықтырды Карменов.


Шымкентте 3 бала неден көз жұмғаны белгілі болды
Асқар Мамин қазақстандық православтарды Пасха мерекекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу