Эзотерик маман тұрмысқа шықпай қалған қыздардың басты қателігін атады

Oinet.kz 18-04-2020 1850

Психоматрица саласын терең зерттеп жүрген алматылық Кама ханым кімдердің кармаға жиі ұшырайтынын айтты. Маманның мәліметінше, тұрмысқа шықпаған қыздар да карма сиқырына іліккендер. Сондай-ақ, эзотерик маман көптеген нәзік жандылардың тұрмыс құрмай, кәрі қыз атануының себептеріне де тоқталды деп жазады Oinet.kz сайты  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

 "Әйелдің өмірге келгендегі басты миссиясы – күйеуге шығу, кем дегенде үш бала тауып, ана, келін, ене атанып, өмірден өз орнын табу. Ал күйеуге шықпай қалған қыздарды бірден кармаға іліккен деп айтуға болады. Көп жағдайда айдың 16, 20 , 21 жұлдызында туғандар кармаға бірден ұсталады", - дейді эзотерик маман. 

Сонымен қатар, Кама ханым жасы келсе де, тұрмыс құрмай, отырып қалған қыздарға өз кеңесін айтты. 

"Оң босағада отырып қалатын қыздардың басым бөлігінде тәкәппарлық жоғары. Тәкәппарлығы жоқ қыздар ешқашан да отырып қалмайды. Психоматрицада біз алты санын тәкәппарлық эгосы деп атаймыз. Жұмыс істеп, ақша тауып, өз күшіне сеніп қалған қыздардың тәкәппарлығы да арта түседі. Өкінішке қарай, мұндай санаттағы қыздар арамызда өте көп. Қазір тұрмыс құрмай жүрген кез келген қыздан сұрасаңыз, жігітке қоятын талабы жетерлік. Тіпті, 45-ке келсе де, күйеуге шығу үшін түрлі міндетті сұрайтындар бар. Бұл дұрыс емес. Кармада қалмау үшін оларға өз тәкәппарлығын, менмендігін жеңу қажет", - дейді маман. 

ҚР Президенті челленджді қолдап, өзі оқып жатқан кітап-басылымдардың тізімімен бөлісті
«Қазір онсыз да бәрінен көңіліміз қалды» Қарақат Әбілдина сыншы халыққа ренжіді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу