Желіде коронавирус жұқтырған қазақстандықтың үндеуі тарады (видео)

Oinet.kz 18-04-2020 1509

Ғаламтор кеңістігінде коронавирус жұқтырғаны расталған азаматтың видео үндеуі тарап кетті. Ол сынама нәтижесі шыққанша алты күн бойы сау адаммен бір палатада жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

kkk.jpg

Бейнежазбадағы жігіт өзімен бірге жатқан азаматқа коронавирус инфекциясын жұқтыруым мүмкін деп алаңдап отыр. Оған қоса, ол әйеліммен жеті айлық балам үшін қатты уайымға берілдім дейді. Азамат жары мен баласы науқаспен байланысқаны үшін ауруханаға жіберілсе, қиын жағдайға тап болатынын мәлімдеді. Оның үндеуі Instagram желісіндегі kyzylorda_komu_chto парақшасында жарияланды.

 "Ассаламағалейкім баршаңызға. Бүгін тесттің қорытындысы шықты. Менікі оң нәтиже көрсетті. Палатадағы ағаның сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Не сұмдық болып жатыр? Менің кесірімнен аға жұқтырып алуы мүмкін. Жүз пайыз жұқтырды ғой. Алты күн бірге жатырмыз. Төсектердің арасына бір адам ғана сияды. Енді көтеретін мәселе - уайым. Мен үйде келіншегім мен жеті айлық қызыммен байланыста болдым. Оларды карантинге алатын болса, көпшілікпен жатқызбасын деп талап етемін. Олай болса, оларды үй карантиніне қалдырамын. Ешқандай ауруханаға алып кеткізбеймін. Олар сап-сау болып, мында келіп жұқтыруы әбден мүмкін. Мен үйде көп болмадым, бірақ қанша дегенмен байланыс жасадым.

Әйелім мен бала-шағам үшін уайымдап жатырмын. Сол мәселені қолға алу керек. Дәл осындай жағдайда карантинге жапса, рұқсат бермеймін. Мына жақта адамдардың құқығы тапталып жатыр. Мен сау келген ағаға жұқтырдым. Осы мәселе қолға алынса деймін" , - деп өз жанайқайын жеткізді ол. 

Сонымен қатар, тұлғасы анықталмаған азамат бүгінгі жағдайын баяндады. Оның сөзінше, қазір демікпе күшейіп, өкпесі қатты ауыра бастаған. 

"Сенбі күні түстік, жексенбіде бізден анализ алды. Оның нәтижесін үш күннен артық күттік. Үш күннен кейін дұрыс алынбағанын хабарлап, кеше тағы да алды. Қорытындысы оң болып шықты. Қазір демікпе пайда болды. Өкпеде ауру сезімі бар. Өкпенің ауа сыйымдылығы азайған сияқты. Терең демдік күш аласың. Ал бұрынғыша демалсаң, ауа жетпей қалатындай сезім болады. Көп сөйлесе, көп қимылдаса жөтел күшейеді" - деді ол. 

Айта кетейік, аталмыш видео елімізің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Бейнежазба авторы өзінің аты- жөні мен қай облыстан екенін айтпаған. 

«Полиция қызметкері жыныстық қатынасқа түсуді өтінді»: Жағдай Нұр-Сұлтан қаласының ПД-де түсіндірілд
Сабыр сақтап, парасаттылық танытайық!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу