Коронавирус: Елімізде 150-ші науқас емделіп шықты
Алматы қаласында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны 150-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін сағат 16:00-ге дейін елімізде жалпы 150 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 64, Алматы қаласында – 58, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында - 5, Батыс - Қазақстан облысында -1, Маңғыстау облысында -1, Қызылорда облысында – 2, Ақмола облысында – 4 адам дерттен айыққан.