Қытайлық дәрігер: «Ауруды ерте кезеңінде анықтауға күш салу керек»

Oinet.kz 10-04-2020 1164

Қытай елінен келген инфекционист-дәрігер Лу Сяобо ауруды қалай бәсеңдету жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды baq.kz.

Ауруды ерте кезеңінде анықтауға күш салу керек – қытайлық дәрігер

Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Нұр-Сұлтан қаласы ҚДБ жетекшісі Сәуле Қисықова, ҚХР СУАР Ұлттық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь және  инфекционист-дәрігер Лу Сяобоның қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

Қытай елінен келген мамандар медицинаның қай саласына маманданған және неліктен бұл мамандар шақырылды деген сауалға Сәуле Қисықова мамандардың елге коронавирус індетіне қатысты тәжірибелерімен алмасу мақсатында келгенін айтты.

- Қытай Халық Республикасы дәрігерлерінің коронавирус инфекциясына қатысты атқарған жұмыстарының нәтижесінде  вирустың беті қайтып, аз уақытта ауыздықталғаны баршамызға белгілі. Біз де бұл мамандардың көмегіне жүгініп, тәжірибе алмасып, бірге жұмыс істеу мақсатында кездесіп отырмыз, - деді ол.

Брифинг барысында инфекционист-дәрігер Лу Сяобо ауруды қалай бәсеңдету жайлы ойымен бөлісті.

- Қазіргі таңда, ең бастысы ауруды ерте кезеңнен анықтауға күш салу керек. Одан кейін карантинге алып, вирус жұқтырған адаммен байланыста болған тұлғаларды анықтау қажет. Сонымен қатар, тест жасап, зерттеу жүргізу де маңызды қадамдардың бірі. Бүгінде тестілеудің екі түрі бар. Олар: ПТР-тест және IGG, IGM. Ауруды емдеу жолына тоқталар болсам, мұнда алдымен, науқастың қандай аурулармен ауырғанын зерттеу қажет. Оның денсаулық жағдайына мән беріп, дене температурасын бақылау керек. Диагноздың нақтылануы тестілеу нәтижесіне байланысты, - деді қытайлық дәрігер.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде Нұр-Сұлтанға ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан 10 дәрігер келген болатын.

Коронавируспен челлендж арқылы күресіп жатырмыз
Тоқаев «Карантиндегі жұлдыз» жобасын жоғары бағалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу