76 күндік карантиннен соң Қытай билігі Ухань қаласын ашты
Қытай билігі коронавирустың ошағына айналған Ухань қаласын ашты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазыпты.
Қала карантинге 76 күнге жабылыпты. 8 сәуірге қараған түні Қытай Уханьға баратын тас жолдардағы қоршауды алып тастаған. Қазір қала тұрғындары сау болса, олардың сыртқа шығуына рұқсат берілген.
Ухань 23 қаңтардан бастап карантинге жабылған еді. Қалаға келіп-кететін барлық транспорттың түрлері, атап айтсақ, метро, көліктер мен кемелердің қозғалысы толығымен тоқтатылыпты. Әуежай мен теміржол бекеттерінің жұмысына да шектеу қойылған.
Ухань тұрғындары: Коронавирустан шын мәнінде 42 мың адам көз жұмды, билік оны жасырып отыр