Қытай Қазақстанға бір топ дәрігерін жібереді
Қытай Қазақстанға COVID-19 вирусымен күресуде қолдау көрсету үшін дәрігерлерін жібереді, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, делегация құрамында коронавирус инфекциясының алдын-алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер болады.
Мамандар консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді. Медициналық топ құрамында келесі мамандықтар бойынша үш маманнан болады: пульмонология, инфекция, қарқынды терапия, эпидемиология, қоғамдық-денсаулық сақтау саласы және т.б. Қытайдан дәрігерлерді алып келу үшін сәуір айының басында арнайы Нұр-Сұлтаннан ұшақ шығару жайы ұйымдастырылады.
Шетелдік дәрігерлер 9 сәуірде келеді деп жоспарланған, делегациямен бірге Қытайдан гуманитарлық көмектің екінші жүгі келеді деп күтіледі.