Елімізде коронавирус саны 704-ке жетті
Коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 7 науқас анықталды. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 704-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.
"8 сәуірдің 08:45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 4 адам", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында - 55 адам, Ақмола облысында - 42 адам,
Атырау облысы - 36 адам,
Жамбыл облысында - 45 адам,
Шымкент қаласында - 20 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,
Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 11 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 5 адам,
Қызылорда облысында - 69 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 33 адам,
Қостанай облысында - 3 адам,
жалпы 704 науқас тіркелді.
Еске сала кетсек, елімізде қауіпті дерттен 51 науқас айығып, ауруханадан шықты. Ал әлемде соңғы деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.
Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.