Нұр-Сұлтан қаласынан Қызылордаға барған адамнан коронавирус анықталды
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 жағдай туралы ақпаратты жария етті.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі - Қызылорда қаласының тұрғындары, олар науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Ал бір жағдай Сырдария ауданында тіркелді, ол Нұр-Сұлтан қаласынан келген және ЖРВИ симптомдары болуына байланысты провизорлық стационарда бақылауға алынған.
Аталған азаматтардың барлығынан ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес зертханалық сынама алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда - делінген хабарламада.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
7 сәуірдегі жағдай бойынша, аймақта COVID-19 инфекциясына шалдыққан 54 адам бар: Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай, Сырдария ауданында -1 жағдай.