Бердібек Сапарбаев: «Бағаның өсуі көптеген сауда желілерінде байқалуда»

Oinet.kz 01-04-2020 1075

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен облыстық жедел штабтың кезекті отырысында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шаралары сараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

20161206172542_IMG_6592.jpg

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, өңірде COVID-19 вирусымен ауырған адамдардың саны бұған дейін тіркелген 3 жағдаймен қалып отыр. 

Баяндамашы құқық қорғау органдарынан азаматтардың дәрігерлердің заңды талаптарына бағынбауына қатысты мәселелерді шешуге атсалысуын сұранды. Мұндай оқиға Қордай ауданында орын алған. Ондағы тұрғын тек ұзақ әңгімелесуден кейін ғана ауруханаға баруға көніп, қажетті талдауларды тапсырған. Талдау нәтижесі теріс болып шыққан, егер жағдай басқаша болғанда, онда мәселе тіпті күрделене түсуі мүмкін еді. 

Штаб басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жайтқа бей-жай қарамай, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовке нақты тапсырмалар жүктеді. Өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірген, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарға қатысты заңды жазалау шараларын қолданудың маңыздылығын баса айтты. 

Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандәулет Кенжебековтің азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі жұмыстарының нәтижесіздігін облыс басшысы сынға алды. 

- Бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі – баға тұрақсыздығы. Сіз өзіңіз екі апта ішінде негізгі азық-түлік тауарларының құнының не себепті өсіп отырғанына талдау жүргізіп көрдіңізбе? Бағаның өсуі көптеген сауда желілерінде байқалуда. Басқа өнімдер туралы айтпағанның өзінде, ең болмағанда тұз бағасын ұстап тұра алмаймыз. Құрылған мобильдік топтардың жұмысы сәтсіз жүргізілді. Біз мұндай жағдайда жұмыс орындарын сақтап, бағаның шарықтауына жол бермеуге тиіспіз, - деді облыс әкімі. 

Аймақ басшысы өзінің орынбасары Нұржан Календеровке прокуратура және монополияға қарсы қызмет қызметкерлерімен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу себебін тексеруді тапсырды.

42 500 теңге алу үшін не істеу керек?
ҚР Бас санитары: «Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу