Біртанов: «Қазақстанда коронавирусты 3,5 мыңнан аса адам жұқтыруы мүмкін»
Қазақстанда коронавирусты 3,5 мыңнан аса адам жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
- "Өкінішке қарай, қазірдің өзінде елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 300-ден асты. 8 науқастың жағдайы ауыр. Оның төртеуі жасанды демалу аппаратына қосылған. Отызының жағдайы орташа. 21 адам жазылып шықты. Біз барлық күшімізді коронавирус инфекциясын жоюға саламыз, - деп сендірді министр.