Ерлан Қарин: «Төтенше жағдай режимін енгізу ұзартылуы да мүмкін»

Oinet.kz 16-03-2020 1266

Ел президенті Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин Қазақстан Төтенше жағдайды халықтың қауіпсіздігінің алдын алу үшін енгізіп отырғанын айтады, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

unnamed.jpg

- Қазақстан төтенше жағдайды енгізген жалғыз мемлекет емес. Төтенше жағдай тәртібін АҚШ, Италия, Болгария, Сербия, Эстония, Румыния, Чехияда және тағы да басқа елдерде енгізілген. Бірқатар мемлекеттер вирустың таралуы кең етеке жайып және жағдай бақылаудан шыға бастаған кезде ғана төтенше жағдайды енгізуге мәжбүр болды. Қазақстандық билік төтенше жағдайды алдын алу шарасы ретінде енгізуде - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда біздің билік жедел әрі ілгері әрекет етуде. 

- Төтенше жағдай режимін енгізу бұл уақытша шара, ол ұзартылуы да мүмкін, бірақ егер эпидемиологиялық жағдай ушықпаса, төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын да тоқтатылуы ықтимал. Бірақ әзірге, бәрімізге — мемлекеттік органдарға, бизнес пен азаматтарға жаңа жағдайға икемделуіміз тиіс. Басты басымдылық — бұл xалқымыздың денсаулығы - дейді Ерлан Қарин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент кеңесшісі төтенше жағдайға байланысты алаңдаудың керегі жоқ екенін айтқан болатын.

Ақтөбе қаласының әкімі ауысты
Шымкентте коронавирусқа байланысты 67 адам карантинде жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу