Елімізде коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін қанша уақытта білуге болады
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов коронавирусқа қатысты брифингте медициналық мекемелерде коронавирусқа байланысты тапсырған тест нәтижелері 5-6 сағатта анықталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Қазақстанда коронавирусқа тапсырған тест нәтижесін қанша сағаттың ішінде алуға болады
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов коронавирусқа қатысты брифингте медициналық мекемелерде коронавирусқа байланысты тапсырған тест нәтижелері 5-6 сағатта анықталатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ысқақовтың сөзінше, диагностикалық алгоритм әзір. Ол коронавирус күдігімен стационарға жатқызылған адамға үш деңгейлі бақылау жүргізумен түсіндіріледі.
- "Диагностикалық алгоритм дайын. Үш деңгейлі бақылау өткізіліп жатыр -"Ұлттық сараптама орталығы" РМК вирусологиялық зертханасы, "Аса қауіпті инфекциялардың ұлттық орталығы", "Санитарлы-эпидемиологиялық сараптама мен мониторингтің ғылыми-өндірістік орталығы", - деді ол.
Оған қоса, Зекен Ысқақов медициналық мекемелер коронавирусты анықтайтын түрлі тестермен қамтамасыз етілгенін айтып өтті. Соның арқасында нәтижені 5-6 сағат ішінде алуға болады.
- "Тестер бар. Ресейлік және қытайлық өндірістегі тестер. Одан бөлек, ДДСҰ желісі бойынша нақты көмектер көрсетілуде. Яғни, біз 5-6 сағаттың ішінде нәтижеге қол жеткізе аламыз", - деп түсіндірді Ысқақов.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елімізде коронавирус дерегі анықталғанын, дегенмен қазақстандықтардың бұл қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінін мәлімдеді.
Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.